Алматы облысының «Жағалау» деп аталатын оқу алаңында еліміздегі десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің инженер-саперлары бір айлық жаттығуларын пысықтап жатыр. Бұл алаңға Алматы мен Талдықорған, Қапшағай мен Сарыөзектегі әскери бөлімінің жауынгерлері мен офицерлері жұмылдырылған. Жарылғыш заттарды анықтайтын әрі залалсыздандыратын топтың бір күндік жаттығуына тілші Мирас Мұқаш куә болды.
Мирас МҰҚАШ