Жыл басынан бері азаматтық істерді қарау мерзімі екі есеге қысқарған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері азаматтық істерді қарау мерзімі екі есеге қысқарған

21.07.2017

Бүгін тұтас ел бойынша бірінші жарты жылдықтағы сот төрелігін іске асыру қорытындыларына арналған жиында Қайрат Мәми осылай деді. Жалпы істердің 62,5 пайызы жеңілдетілген іс жүргізуге көшкен. Сот бұйрығы, дауларды шешудің баламалы жолдары және медиация тәртібінде қаралған істер саны артқан. Осы айдың 17-нен бастап электрондық сот бұйрығы тәжірибеге енген. Қазір бұл тәжірибе Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық сотында қолданылуда.

Ал, жыл соңында электрондық сот залы тәжірибеге енбек. Яғни, судья, сотталушы, қорғаушының алдында өз жұмыс компьютері болады. Біртіндеп қағаз қолданыстан мүлдем алынып тасталмақ.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу