Агрөнеркәсіп кешендері бәсекеге қабілетті өнім өндіруге басымдық беруі тиіс. Солтүстік Қазақстан облысында бес өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездескен Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев осындай міндет жүктеді. Жиында «Агроөнеркәсіптік кешендерін дамыту» бағдарламасын іске асыру жайы талқыланды. Үкімет қолдауының арқасында биыл ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі былтырмен салыстырғанда 3,1 пайызға өсті. Мал шаруашылығы 3,1, егіншілік 2,2 пайызға ал, азық-түлік өнімдерінің өндірісі 7,5 пайызға артқан.
Самат САПАРАЛЫ