Қызылорданың қауын-қарбызы экспортқа шығуда. Әсіресе, «Жиенбай» деп аталатын қауын мен «Жайылма» қарбызына шетелдіктер ерекше қызығушылық танытуда. Олардың ерекше дәмі тіл үйіреді. Сондай-ақ, ешқандай тыңайтқышсыз өскен дақыл - табиғи таза өнім. Әрі азық , әрі сусын болатын әр дақылдың көлемі де, салмағы да тамсануға тұрарлық.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ