Әрбір жетінші әйел отбасында зәбір көреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әрбір жетінші әйел отбасында зәбір көреді

18.07.2017

50 жастағы ана туған ұлынан зәбір көрді. Өмірінің мәні, бар бақыты мен шаттығы – өз баласынан таяқ жеді. Бас сауғалап үйінен қашты, әулеттің ұрпақ жалғастырар  жалғыз тұяғынан безінді. Гүлнәр қазір Қызылорда қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарды әлеуметтік бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Дағдарыс орталығындағы Гүлнәр секілді тағдырдың түрлі тауқыметіне тап болған жандармен тілші Ақерке Берікбекқызы тілдесті.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу