Атырауда «Борышкер» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда «Борышкер» акциясы басталды

18.07.2017

Атырауда «Борышкер» жедел алдын алу шарасы басталды. Жергілікті билік айыппұл төлеуден жалтарып жүргендерден қарызды мәжбүрлеп өндірмек. Атырау қалалық Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі, жол патрульдік полиция батальоны, жеке сот орындаушылар жұмылдырылды. Бүгінде қалада айыппұл төлеуден жалтарған 500-ге жуық азамат бар. 

 

Индира МЕРЕКЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу