Жастарды жат ағымнан сақтандыру үшін діни басқарма әлеуметтік желі арқылы жұмысты жандандырды. Атырауға арнайы барған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бұл туралы халықпен кездескен кезде айтты.
Өзге діни ағымдардың жетегінде кеткен жастармен қоғам болып жұмыс істеу қажет. Ол үшін насихат шараларына білікті теолог-мамандарды тарту керектігі баса айтылды. Діни құқықтық сауаттылық мәселесі де назардан тыс қалмады.