Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік мәселелер шешілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік мәселелер шешілмеген

14.07.2017

Ауызсу, газбен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру және балабақша мен үш ауысымды мектептердің мәселесі Оңтүстік Қазақстан облысында әлі күнге дейін толық шешілмеген.

Сенат депутаты Әли Бектаевпен кездескен тұрғындар осындай әлеуметтік мәселерді алға тартты. Бір ғана Сарыағаш ауданында жылына 8 мыңға жуық бала өмірге келеді. Биылдың өзінде 3 мыңнан астам оқушы мектеп бітірген. Ауылдағы ағайын енді жаңа мектеп керектігін айтты.

Сондай-ақ, тұрғындар ауыл шаруашылығына берілетін субсидияның ретін сұрап білді.

Эльмира ТҰРЛЫБЕК

Хабарламаларға жазылу