Астанадағы «Хайвил» тұрғын-үй кешенінде өрт шығып, төрт адам ыстан уланып қаза тапты. Олардың екеуі - бала. Өрт сөндіру қызметіне 24 қабатты тұрғын үй кешенінің 9-ыншы қабатында түтін шыққандығы туралы хабарлама таңғы сағат 5-те келіп түскен.
Жалпы, ауданы 65 шаршы метр аумақта үй жиһаздары, тұрмыстық электроника және үй жабдықтары өртенген. Оқыс оқиға болған жерге биік ғимараттардағы өртті сөндіруге арналған техникалар мен жеке құрамнан 25 адам жұмылдырылған. Қазіргі таңда, өрттің шығу себептері анықталуда.
Азамат НҰҒЫМАНОВ