Осыдан 25 жыл бұрын 13-шілдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған болатын. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін берік жүйе қалыптасты. Ұлттық қауіпсіздік органдары талай қауіп-қатердің алдын алып, лаңкестік әрекеттердің жолын кесті. Бүгін Мемлекет басшысы айтулы күнге орайластырған шараға қатысып, қауіпсіздік қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ