Қарағанды облысында депутаттар жергілікті тұрғындармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында депутаттар жергілікті тұрғындармен кездесті

13.07.2017

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Дулатбеков, Серік Сәпиев пен Наринэ Микаелян Қарқаралы ауданында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады. Жергілікті жұртшылық бірқатар әлеуметтік мәселелерді көтерсе, енді бірі тарихи тұлғаларға ескерткіш орнатуды ұсынды. Аудан халқын әсіресе, ауызсу мәселесі алаңдатады. Бұқара депутаттардан ұңғыма қазып, су тарту үшін жұмсалатын қаржының бөлінуін де сұрады. Ал, Серік Сәпиев ауданда бірде-бір спорттық сауықтыру кешенінің жоқтығын назарға алды. 

Хабарламаларға жазылу