Ең сорақысы, мұндай әрекетке балалар емес, ересектер барады. Сондықтан, хайуанаттар паркінің басшылығы ереже сақтамайтын азаматтар үшін арнайы шара қолданбақшы.
Жалпы, мұнда жүгірген аң мен ұшқан құстың түрі көп. Сондықтан, келушілер де аз емес. Алайда, ерсі қылық танытатындарға тосқауыл болмай тұр. Осыдан 2 күн бұрын балаларының көңілін көтеру үшін бір адам гималайлық аюдың басынан таспен ұрған.
Абырой болғанда, «Байкал» ауыр жарақат алмаған. Ал, жыртқышты таспен ұрған адам тек ескертумен құтылды.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ