Астанадағы орталық негізінен қылмыстық істерді ашуға, айғақ заттарды айырып тануға және анықтап беруге жұмыс істейді. Материалдық - техникалық жабдықпен толық қамтылған. Қазір жыл сайын мамандардың тәжірибесін жетілдіру үшін шет елдерде оқыту бағдарламасы бар.
Қазіргі күні сот сараптама орталығы үшін басты проблема мәйітхана ғимаратының мүшкіл жағдайы. Оң жағалаудағы ескі нысанда жұмыс жүргізу жыл сайын қиындап барады. Алдағы уақытта бұл мәселені реттеу бойынша ұсыныс енгізіледі.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ