Лепсі ауылының омарташылары биыл 300 тоннаға дейін бал өткізіп, өнімдерін экспортқа шығара бастады. Тарихқа көз жүгіртсек, дәл осы өңірдің балы осыдан бір ғасыр бұрын, яғни 1913 жылы әлемдегі ең таңдаулы бал деп танылған. Қазір омарташылар дайындаған әсел өнімдері халықаралық талаптарға сай қапталып, саудаға қойылуда.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ