Алматы облысының Ұйғыр ауданында биыл 1 мың 80 гектар аумаққа бау-бақша өнімдерін екті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Ұйғыр ауданында биыл 1 мың 80 гектар аумаққа бау-бақша өнімдерін екті

05.07.2017

Оның 480 гектар жеріне жаңғақ ағашы отырғызылды. «Бұл - ең алдымен еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді», - дейді жергілікті бағбандар. Олар жаңғақтан бөлек, шабдалы өсіруді қолға алды. Себебі, бұл жемісті шетелге шығару - өте қолайлы. Сондай-ақ, Үкімет тамшылатып суару мен суды тиімді пайдалануға бағытталған бағдарламаға арнайы субсидия бөлген. Келер 4 жылда өлкеде 6 мың гектар жерге абрикос, шабдалы, қара өрік пен жаңғақ және тағы басқа жеміс-жидек өсіруді жоспарлап отыр. Ал, биыл шырын шығаратын әрі бау-бақша өнімдерін өңдейтін зауыт салынады.    

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу