ОҚО-да Мәжіліс депутаттары қоғамдық қабылдау өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да Мәжіліс депутаттары қоғамдық қабылдау өткізді

05.07.2017

Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында  қоғамдық қабылдау өткізді. «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелері азаматтардың арызы мен өтініштерін  тыңдады. Ауыл тұрғындары ауызсу, мектеп және тұрғын үй салуға қазынадан қаржы бөлу, каналдарды тазалау секілді өздерін толғандырған күрделі мәселелерді сөз етті.

Сондай-ақ, діни экстремизм  мен терроризм, электронды үкімет порталының жұмысы туралы да сөз қозғады. Депутаттар сапар барысында аймақта бау-бақша өсірумен айналысатын ірі шаруашылықтың бірі «Амангелді» серіктестігінің жұмысымен де танысты. Қазір мұндағы шаруалар 1 мың гектардан астам жерге жеміс-жидек ағаштарын өсіріп отыр. Оны тек өсіріп қана қоймай, жемісін қайта өңдеумен де айналысады. Жұмысшылар ай сайын орташа есеппен 80 мың теңге жалақы алады. 

               

 Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу