Танымал жас велошабандоз Дана Ахметова өмірден озды. Ағасы Әмірбек Ахметовтың айтуынша, қыздың жағдайы нашарлағанын алғашқы болып жаттықтырушысы байқаған.
Жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген 17 жасар велоспортшы қыз 3 сағат бойы қиналып жатқан.
Естеріңізге сала кетейік, ол өткен аптада Алматыда өткен 4-ші жастар спорттық ойындарында есінен танып құлаған. Жедел жәрдем дәрігерлері оны нөмірі 7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіп, бойжеткеннің өмірін сақтап қалуға барынша тырысқан.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ