Байқоңыр қаласы маңынан оба қоздырғышы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байқоңыр қаласы маңынан оба қоздырғышы анықталды

30.06.2017

«Бірақ, елді мекендерге, халыққа ешқандай қауіп жоқ», - дейді мамандар. Себебі, бұл  жер эпизоотиялық аймақ. Яғни, қоздырғыштың бары туралы бұған дейін алдын ала болжам жасалған. Қазір қауіпті аумақ  залалсыздандырылуда. Сондай-ақ, ошаққа ең жақын орналасқан Байқоңыр қаласы су торабының  айналасына  қорғаныс шебі құрылды. Ондағы қызметкерлер мен 2 малшыға екпе жасалды. Тағы 58 түйеге жұқпалы ауруға қарсы дәрі егілді.

Осы  мәселеге орай әлеуметтік желіде түрлі ақпарат жарияланған болатын. Обаға қарсы күрес станциясының басшысы Алма Матжанова «дабыра қылатындай жағдай жоқ, сондықтан халық арасына тараған мәлімет негізсіз», деп мәлімдеді.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу