Оңтүстік Қазақстан облысында 3 бала суға ағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында 3 бала суға ағып кетті

30.06.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында бас-аяғы екі күннің ішінде үш бала суға ағып кетті. Оның бірі екі жасар бүлдіршін. Баланың арық ішінде жатқан өлі денесін сол маңнан өтіп бара жатқан жүргіншілер байқап қалған. Қайғылы жағдайға не себеп болғаны әлі белгісіз. Ал, 10 жастағы екінші бала жасанды су бассейнінде шомылып жүрген кезінде қайтыс болды. Болжам бойынша ол  бетонмен қапталған су айданына басын ұрып алған болуы мүмкін. 

Сондай-ақ, судан құтқару қызметі «Қарасу» өзеніне ағып кеткен 3 жастағы бүлдіршінді әлі таба алмай жатыр.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу