Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болды

28.06.2017

Сапар барысында Үкімет басшысы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай өңірде  атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сондай-ақ, облыс активімен кездесіп, алдағы мақсат-міндеттерді талқылады. Стратегиялық бағдарламалар халықтың əл-ауқатын көтеруге, экономиканы дамытуға бағытталған. 

Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік, «Нұрлы Жер» бағдарламасы мен ауылшаруашылығы өнеркəсібіне баса мəн берген жөн. Кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту, жұмыссыздарды қайта даярлау секілді мəселелер бүгінгі күні өте маңызды.  Үкімет басшысы кəсіпкерлікті қолдауды баса айтты. 

Бірнеше бағыт бойынша 289 түрлі қызмет ұсынып отырған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болып, жұмысымен танысты.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу