Ұлттық арна араласқан соң тағы бір мәселе оң шешімін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна араласқан соң тағы бір мәселе оң шешімін тапты

27.06.2017

Осыдан тура бір жыл бұрын Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Байсерке елді мекенінің тұрғындары хабарласып, «ауылда ауызсу, жарық және жол жоқ» деп шағымданған еді. Халық 6 жыл бойы батпаққа батып, ескірген электр бағаналарын пайдаланып отырғандарын айтып мұңдарын шаққан. Ал, қазір жаңа тас жол төселген, электр бағаналары қайтадан орнатылып, су құбыры тартылған.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу