Ауқымды шаруа Қазақстан, Малайзия, Үндістан мен Қытай елдері арасында болған келісімде бекімек. Бұл туралы Малайзияның Ғылым, технологиялар және инновациялар министрі айтты. Меморандум төрт елдің арасында сауданың нығаюына, «жасыл» технологиялар саласындағы өзара әрекеттестікке бағытталған. Құны 20 млн АҚШ долларын құрайды.
Құжат бойынша органикалық қалдықтармен қаныққан ағын суларды таза энергияға айналдыру жүйесі жұмыс істейтін болады. «Келісім алдағы үш жыл ішінде жүзеге асады», - дейді мамандар.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ