Шымкентте таңертегі сағат 8-ден бері мұнай өңдеу зауытының қоймасы өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте таңертегі сағат 8-ден бері мұнай өңдеу зауытының қоймасы өртеніп жатыр

23.06.2017

Қызыл жалынды тоқтату үшін 35 өрт сөндіру техникасы мен 200-ге тарта құтқарушы жұмылдырылған. Соған қарамастан, тілсіз жауды тоқтату мүмкін болмай тұр. Апаттан 46 жастағы мұнай өңдеу зауытының жұмысшысы қаза тапты.

Төтенше жағдай қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Соның салдарынан қоймадағы АИ-92 маркалы 3 мың тонна жанармай жанып кетті. Әзірге алапат өрттің неден шыққаны белгісіз. Өрт сөндірушілер бензин сақталған сол маңдағы өзге резервуарларға қызыл жалынды өткізбеу үшін  жанталасып бағуда. Өрт шыққан қойманың төңірегінде тағы 9  жанармай сақтайтын орын бар.

Зауыт жұмысшылары түгел апат орнынан қаупсіз жерге шығарылды. Полиция сол маңдағы күре жолдағы көлік қозғалысын  қатаң бақылауға алған. Оқиға орнына шұғыл түрде облыс әкімінің орынбасары мен қала басшысы да жетті.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу