Жарық жұлдыз балалармен бірге асыр салып ойнап, ән шырқап, бүлдіршіндердің көңілінен шықты. Мұнда тәрбиеленіп жатқан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды алдағы күндері өтетін жеке концертіне шақырды. «SOS» деп аталатын қайырымдылық қоры бала асырап алушы ата-аналар мектебін қалыптастырып, қамқорлықсыз қалған балаларды бақытты өмірге баулуға атсалысып келеді. «Димаштың мұнда келуін балалар асыға күтті», - дейді тәрбиешілер.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ