Аграрлық қолхат институтын енгізу ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аграрлық қолхат институтын енгізу ұсынылды

23.06.2017
Аграрлық қолхат институтын енгізу ұсынылды

Елімізде аграрлық қолхат институтын енгізу керек. Мәжіліс депутаты Сапархан Омаров Премьер-министрдің атына осындай депутаттық сауал жолдады. Ол орта және шағын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржыландыру төмендеп бара жатқанын айтады. Банктер беретін кредиттердің жылдық көлеміндегі ауыл шаруашылығының үлесі 2011 жылы 7,8 пайыздан 2016 жылы 2,5 пайызға дейін құлдырады. Банктердің осы саладағы белсенділігінің төмендеуін ішінара «ҚазАгро» холдингі өтеді. «ҚазАгро» агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіруі үшін банктерге 2014 жылы – 20 миллиард теңге, 2015 жылы – 44 миллиард теңге, 2016 жылы - 33 миллиард теңге орналастырды.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу