Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын халыққа түсіндіру мақсатында Қызылжар өңіріне жазушылардан құралған арнайы жұмыс тобы келді. Қаламгерлер облыстың зиялы қауым өкілдерімен, тұрғындарымен кездесіп, мақаланың өңірге тиімді тұстарын саралады.
«Рухани жаңғырусыз – қоғамда өзгеріс болмайды. Нұрсұлтан Әбішұлы бұл мәселені бүгін ғана қозғап отырған жоқ. Ол өзінің әрбір сөзінде, баяндамаларында айтып келген», - дейді жиынға қатысушылар.
Самат САПАРАЛЫ