Осы мерейлі датаға орай ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында конференция өтті. Шараға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова және екі елдің дипломатиялық қызмет ардагерлері, ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері қатысты. Екі ел ширек ғасырда өзара сенімге, қолдауға және ұлттық мүдделерге құрметпен қарауға негізделген қатынас деңгейіне жетті. Жиналғандар мұның өзі ірі жетістік екенін атап өтті.
Ғабит БӨКЕНБАЙ