Мәскеу қаласында «Ерлік жолымен» деп аталатын алғашқы халықаралық бронешеру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу қаласында «Ерлік жолымен» деп аталатын алғашқы халықаралық бронешеру басталды

22.06.2017

Патриоттық акция Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 76 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Шара кезінде Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің өкілдері «Мәскеу-Брест-Мәскеу» бағытын брондалған көліктермен жүріп өтеді. Оған соғыс жылдарында қолданыста болған 15 әскери техника қатысады. Бұл бронешеру өзінің ұзақтығы жөнінен Ресейдің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Себебі, әскери көлікпен 2300 шақырым жол жүргелі отыр. Акцияны өткізудегі мақсат – соғыс құрбандарын еске алып, кезінде жаумен бірге шайқасқан ТМД мемлекеттері арасындағы мәдени байланыстарды одан ары нығайту.

Шеруге Атыраудан арнайы шақырту алған қазақстандық топ та қатысып жатыр.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу