Ақпараттық қауіпсіздік шаралары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпараттық қауіпсіздік шаралары

20.06.2017

Биыл әлемнің 150-ден астам елінің ақпараттық кеңістігіне «Уана Край» деп аталатын вирус 500 мыңға жуық шабуыл жасаған. Қазақстанның «Ұлттық ақпараттық технологиялар»  орталығының мамандары 50 мыңнан астам осындай желілік шабуылдарға тойтарыс берген.

Сондай-ақ, 30 мыңдай мекемелерге жасалатын кибер шабуылдардың алдын алыпты. Бұл жайында ақпараттық қауіпсіздік сұрақтарына арналған конференцияда айтылды. Онда отандық және ресейлік ІТ мамандар ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады. Өйткені, деректерді өңдеу орталықтарын және мемлекеттік органдарды ақпараттық шабуылдан қорғау аса маңызды мәселе. 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу