Маңғыстауда алып танкерден алапат экологиялық қауіп төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда алып танкерден алапат экологиялық қауіп төніп тұр

15.06.2017

Оған тиелген 900 тоннадан астам мұнай қалдығы ыстықтан кез келген уақытта тұтанып, жарылуы мүмкін. «Қазір сол аумақта метан концентранты шамадан тыс, яғни 51 пайыздан асқан әрі күйік иісі сезіледі», - дейді мамандар. Ал, кеме Ресейдің «ТрансКаспий» мекемесіне тиесілі.

Естеріңізге салсақ, танкер былтыр қарашада, «Песчаный» мүйісінде жағадан 100 метр жерде тоқтап қалған болатын. Бірақ, иелері оны сүйреп әкетуге құлықсыз сияқты. Тіпті, өңірдегі порт тарапынан жолданған хаттарға да жауап қатпаған. Ақырында облыс әкімі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін утилизацияға резервтен шұғыл қаржы бөлуді тапсырды. Қазір бұл іспен айналысатын мекеме анықталып жатыр.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу