Алматы облысы Бақтыбай ауылының тұрғындары Алматы-Талдықорған тасжолының ауыл ішімен өтетін бөлігінің салынуына қарсы. Халық жаңа жол онсыз да тар көшені тіпті кішірейтіп тастайды деп санайды. Шарасыз тұрғындар әлеуметтік желі арқылы облыс әкіміне бейнехат жолдап, араша түсуді сұрап отыр. Мәселенің мән-жайын білмек болған тілшіміз бақтыбайлықтармен кездесіп қайтты.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ