Сенат депутаттары Ұлттық ұлан бригадасының жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаттары Ұлттық ұлан бригадасының жұмысымен танысты

15.06.2017

Халық қалаулылары әскерилердің тұрмысын көріп, құрамның жабдықталуын тексерді. Кейін  арнайы басқосу ұйымдастырылып, жиналғандар ұландықтарды алаңдатып отырған мәселелерді талқыға салды.

Айта кетейік, әскерилер қалашығының аумағы 20 гектарға тең. Қызметкерлер үшін заман талабына сай спорттық кешен салынып, оқу және медициналық орталықтар ашылған. Депутаттардың айтуынша, Ұлттық ұлан сарбаздарының  жағдайын жасаудың маңызы зор. Себебі, қазір бұл азаматтар елордада өтіп жатқан «ЭКСПО» халықаралық көрмесіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барынша үлес қосып жатыр.

Хабарламаларға жазылу