Айғаным және Ай Абылай тұрғындары Ұлттық арнаға шағымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айғаным және Ай Абылай тұрғындары Ұлттық арнаға шағымданды

13.06.2017

Алматы облысының Талғар ауданы Айғаным мен Ай-Абылай елді мекенінің тұрғындары Ұлттық арнаға хабарласып, базынасын айтты. «Алматы іргесінде тұрып жатқанымызға сегіз жылдан асса да, ауылда ауызсу мен жол жоқ», дейді әбден ашынған жұртшылық. Тіпті, мектеп, емхана сияқты әлеуметтік нысандар да салынбаған. Халық тығырықтан шығар жол іздеп, облыс басшылығына дейін арызданған. Сөйтіп, бүгін аймақ орталығынан арнайы келген комиссия мүшелері шетін мәселесі көп елмен кездесті.

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу