Қызылорда облысында Қазалы ауданының төрт ауылын шегіртке басты. Елді мекен тұрғындарының айтуынша, бұл биылғы жағдай ғана емес, олар 7 жылдан бері зиянкеспен арпалысып келеді. Шегіртке жайылымды жайпап тастады. Малмен күнелтіп отырған отбасылар төрт түлігін өріске шығара алмай, қиналуда. Құзырлы мекеме мамандары жыл сайын аумақты улайтын көрінеді. «Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ»,- дейді жұртшылық.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ