Талдықорғандағы көлік қабылдау бекетіне науқан басталғалы тұрғындар 1600-ге жуық ескі автомобилін өткізген. Оның 80 пайызы - Кеңес Одағы аумағында шығарылған автомобиль маркалары. Қалғаны шетелде құрастырылған, бірақ әбден ескіріп, тозығы жеткен көліктер. Мәселен, талдықорғандық тұрғын 1985 жылы шығарылған «Порш-924» автокөлігін тапсырған. Мамандардың айтуынша, қазір қала тұрғындарынан гөрі ауылдағы ағайын белсендірек.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ