Еліміздегі қоғамдық кеңес институттарының жемқорлықты жүгендеуге тигізіп жатқан көмегі шамалы. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев осылай деді. Оның айтуынша, институттардың тең жартысында жемқорлықпен күрес шаралары қарастырылмақ түгіл, күн тәртібіне шығарылып, талқыланбайды да. Оған дәлел ретінде шенеунік бірнеше облыстың жұмысына тоқталды.
Айдана ҮСЕНБАЙ