Сот оның айыппұл төлеп еркіндікке шығу туралы өтініші бойынша оң шешім қабылдады. Еске сала кетейік, Қарағандыдағы 86-шы мектептің мұғалімі Юрий Пактың ұялы телефонынан 102 нөміріне «орталық әмбебап дүкенге бомба қойылды» деп хабарлама түскен. Оқытушыға айып тағылып, 2016 жылдың 3-қазанында екі жылға сотталған болатын.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ