Балаларды қорғау күніне орай Астанадағы «Нұрлы жүрек» атты балалар үйінде концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларды қорғау күніне орай Астанадағы «Нұрлы жүрек» атты балалар үйінде концерт өтті

01.06.2017

1 - маусым Балаларды қорғау күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі Астанадағы «Нұрлы жүрек» атты балалар үйінде өтті. Мұнда 250-ге жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Бүгінгі мейрамға орай мекемеде шағын концерт өтті. Бүлдіршіндер мен үлкендер бір сахнада өнер көрсетіп, көңіл көтерді. Сондай-ақ, жомарт жандар балалар үйіне арнайы келіп, сый-сияптарын тарту етіп жатты. 

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу