«Жас Отау» бағдарламасы аясында пәтер алуға 2 мыңға жуық жанұядан өтініш түскен. Арнайы комиссия алдымен олардың төлем қабілетіне, облыстың дамуына қосқан үлесіне мән берген. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған шаңырақ иелерін бірінші кезекте қараған.
«Жас Отау» бағдарламасы елімізде тек Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында ғана бар. Жоба бойынша алғашқы 90 баспана 2013 жылы берілген. Жылдың соңына дейін тағы 100 пәтер дайын болмақ.