Президент Астанадағы ірі нысандардың жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Астанадағы ірі нысандардың жұмысымен танысты

01.06.2017

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана Халықаралық әуежайының жаңа терминалында болды. Мемлекет басшысы терминал ғимаратының техникалық жабдықталуы мен жолаушы тасымалдау әлеуетімен танысты. Жаңа кешеннің аумағы 47 мың шаршы метрден асады. Онда халықаралық және vip-терминалдар, сондай-ақ, 6 ұшаққа арналған жаңа тұрақ орналасқан. Мұнда 42 төлқұжат бақылау бекеті мен кеңселер және мейрамханалар бар. Жаңа терминалдан ертең тесттік жүйеде алғашқы рейс ұшады.

Президент барған тағы бір маңызды нысан - «Нұрлы жол» темір жол вокзалы. Ғимараттың аумағы - 126 мың шаршы метр. Тәулігіне 35 мыңға дейін жолаушы қабылдай алады. Кешеннің құрылысы кезінде 2000, пайдалануға берілген соң 1800 адам жұмыспен қамтылмақ.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу