Еліміздегі жеті банк «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 10 пайыздық мөлшерлемемен ипотекалық несие беруге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі жеті банк «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 10 пайыздық мөлшерлемемен ипотекалық несие беруге дайын

30.05.2017

Жобаның қаржылық операторы - Қазақстан ипотекалық компаниясы кредиттерді субсидиялау басталғанын жариялады. Бағдарлама шарты бойынша жаңадан салынған үйлерден пәтер сатып аламын дегендерге қаражат жылдық 10 пайызбен беріледі. Қарыз алушының есепшотында үй құнының 30 пайызы болуы тиіс. Тағы бір шарты - мұндай несие берілетін баспана азаматтың алғашқы сатып алып жатқан үйі болуы керек. Субсидияның шекті көлемі Астана, Алматы қалаларында 20 млн теңге, облыстарда -  15 млн теңге.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу