Қызылордада сотталғандарды қоғамға бейімдеп, еңбекке тарту мақсатында «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Соның негізінде 13 адам жұмыс тапты. Шараға 22 мекеме қатысып, 100-ден астам бос орын ұсынды.
Былтыр өңірде істі болып, мерзімін өтеп келген 100 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Олардың арасында отбасылық кәсіппен айналысып, өзін-өзі қамтамасыз етіп отырғандар да бар. Ал биыл, 210 адам арнайы тізімге алынған.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ