Әкімдер әдепсіздігі үшін жұмыстан қуылды

30.05.2017

Алматы облысы, Қызылағаш ауылының әкімі Сәуле Амитова тұрғындармен дөрекі сөйлегені үшін тәртіпке шақырылды. Ақсу ауданына қарасты елді мекен басшысының шаруа қожалығы жетекшісімен болған әдепсіз әңгімесін үшінші адам жазып алып, құзырлы органдарға тапсырған.

 

Іс әдеп кеңесінде қаралып, ауыл әкімінің әрекеті өз қызметіне сай емес деген баға берілді. Ал, өз қызметкерлерімен дәл осылай дөрекі сөйлескен Ұйғыр ауданы әкімінің сөздері әлеуметтік желіде тарап кетті. Көп кешікпей Әлімжан Тоқтасынов әкімдік қызметтен өз еркімен кету туралы арыз жазды.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу