Бүгін 11 жастағы Өркен Азаматұлын өлтірді деп айып тағылған өгей шешесі Шәрипа Ақбердиеваға қатысты сот үкімі шықты. Алматы облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы оны кәмелетке толмаған баланы өлтіргені үшін 25 жылға бас бостандығынан айырды.
Ол Қылмыстық Кодекстің 99-бабы, 125-бабы және 132-бабы бойынша айыпты деп танылды. Ал, оның ұлы Темір Ақбердиев 23 жылға, өгей ағасы Қадыржан Гулямов 12 жылға, ал, қызы Айдана Ақбердиева 16 жылға сотталды. Судья іске қатысы бар такси жүргізушісі Руслан Муталиповке 17 жыл жаза кесіп, оның автокөлігін тәркіледі. Алайда, өлген баланың туған анасы бұл кесіммен келіспеді. Қайғыдан жүрегі қарс айырылған келіншек «жазаны әлі де қатайту керек»,- деп отыр.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ