Павлодарда екі жылдан бері қолдан арақ жасауды кәсіп қылып келген қылмыстық топтың ұйымдастырушы 46 жастағы келіншек болып шықты. Күдікті қазір қамауда. Арнайы операция барысында алкогольді ішімдік шығаратын бас-аяғы 16 цех анықталған еді. Қалалық прокуратура бүгін спирттік ішімдіктердің тек Павлодарда емес, Семейде және Ресей Федерациясы аумағында сатылғанын мәлімдеді.
Болат АМАНБАЕВ