Жанболат Мелдешев «Болашақтықтардан» кешірім сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанболат Мелдешев «Болашақтықтардан» кешірім сұрады

24.05.2017

Студенттерге қатысты ауыр сөздер айтып, олардың намысына тиген Жанболат Мелдешев бүгін «Болашақтықтардан» кешірім сұрады. Кезекті жиналыстардың бірінде стипендианттарды малға теңеген ол бұл сөздердің ашумен айтылғанын алға тартты. Халықаралық бағдарламалар орталығы президентінің мәлімдеуінше, мекемеде келеңсіз жағдайдың туындауына қызметкерлердің өз жұмыстарына салғырт қарауы түрткі болған көрінеді. Қалай болғанда әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке тарап кеткен бұл оқиға кешеден бері қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу