Қарағанды облысында ашылған кооперативтер халықты сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, жеке шаруашылықтарда тұрғындарға қосымша жұмыс орындары ашылды. Облыстың Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ аулылында ашылған алғашқы кооператив жұмысы мемлекеттік қолдаудың арқасында жақсы нәтиже бере бастады.
Былтыр Қарқаралы ауданындағы 26 жеке шаруашылық кооперативке бірікті. Шаруа қожалықтары несие мен субсидияны тиімді пайызбен алды, соның арқасында еңбек өнімділігі артты.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ