Оңтүстік Қазақстан облысында 7 жасар баласын аяусыз ұрып, үстіне қайнаған су құйып жіберген ананың қатыгездік әрекеті жұрттың жағасын ұстатты. Ауыр соққылардан баланың миы шайқалған. Мойны мен беті күйіп қалған. Ордабасы ауданының дәрігерлері жеткіншекті аман алып қалу үшін 20 күн бойы қолдан келген барлық емді жасап бақты. Орталықтан шақыртылған мамандардың қатысуымен бірнеше рет операция жасалды. Тек содан кейін ғана науқас облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Қазір бұл істі Ішкі істер департаментінің тергеушілері тексеріп жатыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ