Семей-Курчатов бағытындағы тасжолдың сапасы сын көтермейді. Ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысынан асфальттің қазір сау тамтығы қалмаған. Көлік иелері жолға қойылған шектеу белгілерін ескермейді. «Жүргізушілердің жауапсыздығынан жыл сайын жол жөндеуге бөлінетін қомақты қаржы желге ұшып жатыр», - дейді жауапты мекеме өкілдері.
Дарын САҒИТОВ