Қазақстан жаһандық бәсеге кабілеттілік индексі бойынша көрсеткішін жақсартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан жаһандық бәсеге кабілеттілік индексі бойынша көрсеткішін жақсартты

22.05.2017

Қазақстан жаһандық бәсеге кабілеттілік индексі бойынша екі индикаторда көрсеткішін жақсартты. Ол «Технологиялық дайындық» пен «Инновациялық әлеует». Бұл туралы бүгін Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Белгілі болғандай, «Инновациялық әлеует» индикаторы бойынша Қазақстан  72-орыннан 59-ға көтерілген. Ал, «Технологиялық дайындық» көрсеткіші бойынша бес сатыға жоғарылады. «Оған соңғы жылдары инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемінің артуы себеп», - дейді мамандар. Былтыр жас өнертапқыштарды қолдауға бюджеттен 1млрд  529 млн  теңге бөлінді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу